Songtexte.com Drucklogo

Bayau Songtext
von Ninety One

Bayau Songtext

Ойымда сенің бейнеңді қалаймын, қалай айтайын?
Бір нəрсені қабылдай алмаймын

Сенің баяу қозғалғаның ұнайды
Тура қарағаның ұнайды, дəл солай
Сенің өте баяу қозғалғаның ұнайды
Тура қарағаның ұнайды, дəл солай

Кейде шақырғым келеді сені баяу биге
Дымға қарамай
Бейнең жеке менің түн-ием
Түн-ием, баура мені, ала кет!

Кейде шақырғым келеді сені баяу биге
Дымға қарамай
Бейнең жеке менің түн-ием
Түн-ием!


Ойланып келдім baby, əңгімем бар baby
Мен алысқа уақытша аттанамын
Сезінбе жалғыз қалғандай сен
Арманда, мен де армандаймын
Шешімін тауып алғандаймын
Шақырамын биге, дайын бол!
Ау? - деп, түсінбей қалсаң, былайғо:
Бəрі оп-оңай, қиялыммен баяуға шақырамын
Билейміз түнімен тоқтамай

Оның жүрегі нөлдей, сезім мүлде бөлінбейді
Түн сияқты ол: суп-суық, сұп-сұлу, тылсым
Ми шимайланған сезімдермен-түрлі-түсті бояу, түсініксіздеу дəл сендей
Сосын, екеуіміз секілді Ай мен Жердей
Тартылыс бар, бірақ бірдеңе жібермейді.

Дереу жақында, мені сезіну үшін
Тез қол ұшын бер маған, тез!
Тез!
Тез!
Тез!

Сенің баяу қозғалғаның ұнайды
Тура қарағаның ұнайды, дəл солай
Сенің өте баяу қозғалғаның ұнайды
Тура қарағаның ұнайды, дəл солай

Кейде шақырғым келеді сені баяу биге
Дымға қарамай
Бейнең жеке менің түн-ием
Түн-ием, баура мені, ала кет!


Кейде шақырғым келеді сені баяу биге
Дымға қарамай
Бейнең жеке менің түн-ием
Түн-ием, баура мені, ала кет!

Songtext kommentieren

Log dich ein um einen Eintrag zu schreiben.
Schreibe den ersten Kommentar!

Beliebte Songtexte
von Ninety One

Quiz
In welcher Jury sitzt Dieter Bohlen?

Fans

»Bayau« gefällt bisher niemandem.