Songtexte.com Drucklogo

Sen Songtext
von Dos.Aqa

Sen Songtext

Сен - ару сұлу, жүрегің сондай кең
Мендей жанды ұнаттың неліктен?
Сен көксің, мен жердей
Саған қолым жетпей
Қаламын мен шетте

Тек сен - жамадың суық жүрек жарасын
Батпадым қарауға
Ойыңдағы адам мен емес, ол - тек елес
Бұным дұрыс емес

Саған қарап тамсанамын
Қандай сұлу жаның мені сүйген
Ажарың сондай жылы
Сенің жаныңда қаламын ойлана
Жаман деп санағам өзімді
Енді көзім жетті ойларымның расына


Сезінсем махаббатты сендей жан сияқты
Боларма едім мықты?
Жүрегімнің түбін жарқыратқан бір өзің
Саған қайтардым ба соны мен?

Көрсем сенің көзіңмен өз өзімді мен
Шынында кіммін мен?
Әттең, сен ойлаған адам болсам шіркін
Саған шын лайық болар ем

Саған қарап тамсанамын
Қандай сұлу жаның мені сүйген
Ажарың сондай жылы
Сенің жаныңда қаламын ойлана
Жаман деп санағам өзімді
Енді көзім жетті ойларымның расына

Жаман деп санағам өзімді
Енді көзім жетті ойларымның расына

Songtext kommentieren

Log dich ein um einen Eintrag zu schreiben.
Schreibe den ersten Kommentar!

Fans

»Sen« gefällt bisher niemandem.