Jalğyz Songtext
von Dos.Aqa
Jalğyz Songtext
Түн тағы да түстерсіз
Әкелді мың ой санама
Сезімсіз кімбіз біз?
Шуы көп, мазасыз қалада
Неліктен адамға үйреніп қаламыз?
Ол кетсе ұлғайып жандағы жарамыз
Біздерді ұмытып кетсе де өзгелер
Сенеміз қалар деп үзілген арамыз
Ғашық жүрек шыдамайды
Махаббат атты сынақты қайта өтуге
Қиын сонша сезіну бұл сезімді
Маған жалғыз болғаным артық
Тым-тырыс бола жүрек
Үнсіз тіледі бір тілек
Бір күні махаббаттың
Жарасы жамалсыншы деп
Неліктен үмітпен қайтадан жанамыз?
Естелікке еріп, жалғандық табамыз?
Жалғыздық өзіме жар болып қалғанмен
Жүректе сақталар үзілген арамыз
Ғашық жүрек шыдамайды
Махаббат атты сынақты қайта өтуге
Қиын сонша сезіну бұл сезімді
Маған жалғыз болғаным артық
Әкелді мың ой санама
Сезімсіз кімбіз біз?
Шуы көп, мазасыз қалада
Неліктен адамға үйреніп қаламыз?
Ол кетсе ұлғайып жандағы жарамыз
Біздерді ұмытып кетсе де өзгелер
Сенеміз қалар деп үзілген арамыз
Ғашық жүрек шыдамайды
Махаббат атты сынақты қайта өтуге
Қиын сонша сезіну бұл сезімді
Маған жалғыз болғаным артық
Тым-тырыс бола жүрек
Үнсіз тіледі бір тілек
Бір күні махаббаттың
Жарасы жамалсыншы деп
Неліктен үмітпен қайтадан жанамыз?
Естелікке еріп, жалғандық табамыз?
Жалғыздық өзіме жар болып қалғанмен
Жүректе сақталар үзілген арамыз
Ғашық жүрек шыдамайды
Махаббат атты сынақты қайта өтуге
Қиын сонша сезіну бұл сезімді
Маған жалғыз болғаным артық
Lyrics powered by www.musixmatch.com

