Songtexte.com Drucklogo

OMIR Songtext
von Dimash Qudaibergen

OMIR Songtext

Өмір — күндерменен, күндер жалғасқан,
Өмір — мұңменен, шаттық алмасқан
Сағым болып қалған

Өмір сүйікті етіп, сүюді үйреткен
Көңіл құлазиды кейде неліктен?
Сырлары көп жалған

Өмір, саған құштармын
Самғап ұшармын ақ бұлттай арманға
Махаббат үні талмайтын, жараланбайтын
Болса жалғанда
Кейде жаз, көктем боп, тым өктем боп
Дауылдатсаң-дағы, өмір

Ризамын мен саған, ғашықпын мен саған
Аялаймын, бағалаймын, тағдыр, жылатпа
Арманның жолында мені қолдашы, өмір, құлатпа
Қателесіп, өкіндіріп, кешірім сұратпа


Келер ертең тағы жаңа жақұт күн
Әттең, тоқтамы жоқ, шіркін, уақыттың
Ағын болған жылдар

Бақыт көгершіні ұшып келеді
Оның аялдар жоқ па мекені?
Амалым не? Қайран өмір

Ақ-қара алмасқан, бақ-нала арбасқан
Ашылар парақтар
Сапарлас дос табыстырған, қош айтыстырған
Бұл өмір жаратқан
Теңселтпе кемемді, кел, сен енді
Қол созғайсың маған, өмір

Ризамын мен саған, ғашықпын мен саған
Аялаймын, бағалаймын, тағдыр, жылатпа
Арманның жолында мені қолдашы, өмір, құлатпа
Қателесіп, өкіндіріп кешірім сұратпа

Кешірім сұратпа

Songtext kommentieren

Log dich ein um einen Eintrag zu schreiben.
Schreibe den ersten Kommentar!

Beliebte Songtexte
von Dimash Qudaibergen

Quiz
„Grenade“ ist von welchem Künstler?

Fans

»OMIR« gefällt bisher niemandem.