Songtexte.com Drucklogo

Leila Songtext
von Dimash Qudaibergen

Leila Songtext

Айдан да әсем,
Қоншы кел, қолыма.
Қайдан ғана сен,
Кезіктің жолыма - Лейла?!
Мен бір белеспін,
Қалдырған лайықты ән.
Сен бір елессің,
Жаралған ғайыптан - Лейла, Лейла...
Баурап тәтті үні,
Сөзінің құнары.
Көңіл шаттығы,
Көзімнің құмары - Лейла!
Шырын, шекерсің,
Шығыстың шынары.
Болар екенсің,
Қай жанның сыңары? - Лейла, Лейла...
Түсінбе, әй, түсін,
Мен үшін ай мүсін,
Мәңгілік Ләйлісің - Лейла, Лейла...


Жүрегімді,
Жара-жара-жаралайсың,
Мені, бақытқа сен баламай!
Жүрегімді,
Жара-жара-жаралайсың,
Мені, бақытқа сен баламай!
Жүрегімді,
Жара-жара-жаралайсың,
Мені, бақытқа сен баламай!
Жүрегімді,
Жара-жара-жаралайсың,
Мені, бақытқа сен баламай


Қарай көздерім,
Тамсанып, тұнады.
Қалай, сезбедің,
Жаным-ау, мұны әлі - Лейла?!
Аз күн болайын,
Жалғанда жаныңда.
Мәжнүн болайын,
Бағым деп қабылда - Лейла, Лейла...
Қала беремін,
Қол созып ұмтылып
Мойын бұрасың,
Желкенді кемедей. - Лейла!
Өте шығасың,
Сұлудың сарасы,
Жанымның дауасы,
Маған бір қарашы
Көрсең де, елемей - Лейла!
Түсінбе, әй, түсін,
Мен үшін ай мүсін,
Мәңгілік Ләйлісің - Лейла, Лейла...

Жүрегімді,
Жара-жара-жаралайсың,
Мені, бақытқа сен баламай!
Жүрегімді,
Жара-жара-жаралайсың,
Мені, бақытқа сен баламай!
Жүрегімді,
Жара-жара-жаралайсың,
Мені, бақытқа сен баламай!
Жүрегімді,
Жара-жара-жаралайсың,
Мені, бақытқа сен баламай

Songtext kommentieren

Log dich ein um einen Eintrag zu schreiben.
Schreibe den ersten Kommentar!

Beliebte Songtexte
von Dimash Qudaibergen

Quiz
Cro nimmt es meistens ...?

Fans

»Leila« gefällt bisher niemandem.